Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 миллионнан айырылып қалған: Альфонсқа алданған ару әділдік іздейді

Альфонсқа алданған ару әділдік іздейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Өз ойым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жұлдыз есімді ару бір жігітпен танысады. Артынша онымен көңіл жарастырып, тәртіпті, жағдайы жасалған, жаман әдеті жоқ адамды таптым, өмірлік серігі болуға дайынмын деген ойға қалады. Бастапқыда жігіт тарапынан көңіл бөлініп, сыйлық алып жүрген Жұлдыз кейін келе жігіттің өзі ақшадан қысылып, қиналғанда көмектесіп жібермекші болады.

"Әкесі мен шешесі ажырасқан болатын. Бір хабарласқанында әкесі ауырып, Нұр-Сұлтанға кетіп бара жатырмын деді. Артынша қайтыс болды деп хабарын айтты. Ондай заттармен ешкім алдамайтын шығар деп ойладым. Ата-анамда мейірімділік танытты. Нұр-Сұлтаннан келгеннен кейін ақша жағынан қиындықтар болды. Маған несие алып берші деді. 2 миллион алып бердім. Үйленуді келесі жылдың күзіне қалдырғанбыз. Шілдеде Жезқазғанға барып, анасымен танысуым керек болатын. Бірақ оғанға дейін несие алып беріп қойдым", - дейді Жұлдыз.

Жігітінің басына түскен ауыр күндерде қолдау көрсетпек болған Жұлдыз несиеге қалай ақша алып бергенін де білмейді. Артынша жігітінің анасы, әкесі қайтыс болып, басына қара күн туады. Көп ұзамай ол қатерлі ісікке шалдықтым деп алдап, отаға кеткен күйі оралмай қоған.

"Біраз уақыт өткеннен кейін анасына ота жасайды. Содан анасы қайтыс болды деген хабар келеді. Анасының жүрегі ауыратын, дәрі алып беруге ақша жібердік. Әке-шешем жігітімді жұбату шайға шақырды. Ең қызығы үйге келгенде еңіреп жылады. Сол оқиғадан кейін үйге емін-еркін кіре беретін болды. Ақшадан қысылып, тағы да 1,5 миллион несие алып бердім", - дейді алданған ару. 

Аруға тек несие алдырып қана қоймай, Жұлдыздың ата-анасының үйін сатқызып жіберген. Жаңаи үй алып, сол жаққа көшеміз, жақсы отбасы болып өмір сүреміз деп алдаған көрінеді жігіт. Осылайша Жұлдыздың үйін 21 миллионға сатқызып жіберген. Оған қоса, қазіргі таңда ару жігітіне алып берген 6 миллион несиені төлеп жатыр.

"Сыртынан көрсетті. Үйді көрдім әдемі. Екі қабатты, жаңа үй болды. Жаңа үй недеген күшті, керемет деп ойладым. Үйдің жалғыз қызымын. Әке-шешем жанымда тұрса қандай күшті деп қиялдап кеттім. Содан кейін ол келіп ата-анамнан көмек сұрады", - дейді Жұлдыз.

Талқылау