35 градусқа дейін барады: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Қазақстан бойынша 2022 жылдың 11-13 маусымына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер ауа райының тұрақсыз сипаты күтілетінін болжайды.
“Солтүстік-батыс және Оңтүстік циклондарының бірігуі арқасында республиканың барлық аумағында дерлік ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр жауады, 11-12 маусымда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі”, – делінген Қазгидромет мәлімдемесінде.
Бұған қоса еліміздің бірқатар аймақтарында ауа температурасы төмендейді.
“Республиканың батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы күндіз 22-30 градустан 17-26 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік-батысында 25-35 градусқа дейін жылынады, солтүстігінде 20-28 градустан 25-30 градусқа дейін ауытқиды, шығысында 28-37 градустан 24-33 градусқа дейін төмендейді, орталығында 22-30 градустан 27-32 градусқа дейін көтеріледі, оңтүстігінде 35 градус жылу болжанады, ал оңтүстік өңірлерінде 25-35 градустан 20-30 градусқа дейін төмендейді”, – деп қосты синоптиктер.