Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 тонна газ құйылған машина жарылған: Әкімшілік мәлімдеме жасады

Бүгін Түркістанда болған жарылысқа байланысты қала әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stаn.kz ақпарат агенттігі. 

туркестан

Облыс әкімінің баспасөз қызметінде айтылғандай жарылыс 3 тонна газды цистернаға құйып жатқанда болған. Жарылыс салдарынан күйік шалған бірнеше жаралылар жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні сағат 19.00 шамасында Саттарханов көшесіндегі Royal Grand Hotel қонақ үйінің аумағында газ баллондар тиелген ЗИЛ автокөлігі өртенді. Кейін жарылыс салдарынан от қонақ үйдің шатырына 1400 шаршы метр алдын ала алаңға тарады.                             

ТЖК мәліметі бойынша, өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 70 адам және 14 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері қонақ үй аумағын қоршап алды.

Талқылау