Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 градусқа дейін: Қазақстанда үсік жүреді

Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады. Мамандардың болжамынша, алдағы күндері елімізде үсік жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

3 градусқа дейін: Қазақстанда үсік жүреді

Биіктіктегі барикалық жыра арқылы Оралдан түсіп жатқан суық және ылғал ауа және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанға әлі де әсер етуін жалғастыруда. Соның салдарынан алдағы үш тәулікте жаңбыр жауып, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтілуде. Сонымен қатар көптеген облыста төмен ауа температурасы сақталады. 

Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында 3°С-қа дейін үсік жүреді деп болжанады.

Синоптиктердің болжауынша, тек батыс өңірде антициклонмен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, оның шығыс бағытта жылжуымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында да жаңбыр басылады. 

Талқылау