"Үшінші дүниежүзілік соғыс бола жаздады": Ләйлә Сұлтанқызы алғашқы көлігін қалай алғанын айтып мақтанды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы алғашқы көлігін қалай алғанын айтып мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан біраз уақыт бұрын алғашқы пәтерін қалай алғаны туралы жазып, құпиясымен бөліскен Ләйлә Сұлтанқызы енді қандай жолмен көлік алғаны туралы айтып берді. Алмас Кішкенбаевтың проюсері болып жүріп, жеңіл ақша тапқан журналист қызылордалықтардың арқасында көліктің иесі болып шыға келдім дейді.

"Сонымен бұл әңгіме бірінші көлігімді қалай алғаным туралы болмақ. 2004 жыл, "Суперстардың" аяқталған кезі. Алмас Кішкенбаев масқара жұлдыз. Бірлесіп жұмыс істейміз. Продюсер деген сөз енді қолданысқа еніп жүрген кез ғой, типа продюсермін. Содан "Асар" партиясының мүшелері депутаттыққа үміткер болып үгіт-насихат жүргізе бастады. Қызылордалық бір бизнесмен депутат болғысы келіп, маған хабарласты. Алмас 10 шақты күн бүкіл Қызылорда өңіріне концерт берсе қалай болады деді", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Артық ақша сұрауға ұялған Алмас Кішкенбаев пен Ләйлә Сұлтанқызы уәде етілген 10 концертті берген. Артынша журналист өзіне су жаңа көлік сатып алып, оны бір күн өтпей жатып қолдануға жарамайтындай етіп соғып тастаған. Осылайша оңай жолмен алған көлігі бұйырмаған көрінеді.

"Ой, Аллай көп сұрауға қорқамыз, әр концертке ұяла, ұяла 1000 доллар сұрадық. 500 доллар жүргізіп тұрған маған, 500 доллар әнші Алмасқа. Әр концертке 5000 доллар сұрасақ та болар еді, ұят қой, ыңғайсыз ғой, мен сеп-семіз болып сахнада тұрғаныма қысылдым. Алмас танымал екенін әлі сезіне қоймаған, зорға 1000 доллар дедік. Сол 5000 долларға келе сала праворулька Митсубиси Динго алдым да, екі күннен кейін газ бен тормозды шатастырып алып, артының быт-шытын шығардым. Ең өкініштісі оңай алған көлігім жарамсыз болып қалды. Жап-жаңа toyota avensis алғанша таксимен тағы да 2 жылдай жүрдім. Кім және неге сыйлады бұл уже бөлек әңгіме", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыныстық қатынас арқылы: Дәрігер қазақстандықтарға арқа ауруын емдеудің жолын үйретті

Жыныстық қатынас психологиялық және соматикалық денсаулықты жақсартады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

Ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған
Çàãðóçêà...