Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

-28 градус аяз: Нұр-Сұлтанда 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға ауыстырылды

Нұр-Сұлтанда 26 ақпанда 0-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Білім бөлімінің 2021 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -28 С) мектептерде 1 ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысуда.

Айта кетейік, синоптиктер бұрқасын мен қатты аяз болатыны туралы ескерту жасады. Еліміздің 11 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде аяз 35-40 градусқа дейін жетеді.

Талқылау