"250+" ауылдары: Елді мекендерде трафик пен мобильді транзакциялар тұрақты өсуде
“250+” ауылдарда абоненттер мен трафик саны ай сайын өсіп келеді. Тұрғындар мобильді төлемдерді көбірек жүзеге асырып, интернет кеңістігіне бейімделіп жатыр.

Пайдаланушылар саны мен трафик көлемінің өсуіне Tele2 операторының "Туған жер" арнайы тарифі оң әсер етуде. Ол тек "250+" ауылдарының абоненттеріне арналған. Мұнымен шағын елдімекен тұрғындары аздаған ақыға мемлекеттік, білім беру және дамуға арналған маңызды платформаларды қолдана алады. Сондай-ақ олардың тұратын аймағында желі ішінде шексіз қоңыраулар тегін беріледі.
Шалғай ауылдардағы абоненттердің мобильді қаржылық қызметтерін пайдалану көрсеткіштері біз күткеннен де асып түсуде. Мұндай өсімге алдымен олардың қолжетімділігі әсер етуде. Мәселен нөмірі бар әрбір қазақстандық еліміздің кез келген жерінен телефонының теңгерімінен тауарлар мен қызметтерді төлей алады. Ал ауыл тұрғындары бұл үдеріске белсенді түрде араласып кетті.
250+ ауылдардағы мобильді қаржылық төлемдер бойынша жетекші қызметтерді қарастырайық. Play Market арқылы кез келген Android жүйесіндегі смартфондарда жылдам сатып алу үшін Tele2 / Altel нөмірді байланыстыру мүмкіндігі бар. Сол арқылы үлкен өріс: қосымшаларды, ойындарды ойын ішіндегі мазмұнды, сатып алуға болады. Бүгінде Garena қызметінде ойындар ең жоғарғы төлемге ие болған. Бұл шетел мобильді ойындарына деген үлкен қызығушылықтың бар екенін көрсетеді. Бәлкім, бірер жылдан кейін "Қазақстанның Free Fire" командасының сапында еліміздің шалғайдағы шағын ауылдарының өкілдері пайда болатын шығар. Үздік 4 қызметке SMS, qr және оператордың мобильді қосымшасы арқылы қоғамдық көлікке, сондай-ақ танымал қазақстандық веб-сайттардан түрлі тауарлар тапсырысына төлем жасау кірді.

Tele2/Алтел Мобильді қаржылық қызметтер бөлімінің басшысы Бекарыс Нұрымбетов
"Біз ауылдық елді мекендердің және қала маңындағы тұрғындардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысамыз. Ауыл аймақта цифрландыру процестері жылдамдатылуда. Сонымен қатар біз әлеуметтік мобильділіктің даму қарқынын бақылаудамыз. Мәселен қазір ауылдық жерлердегі адамдар қоғамдық көлікте интернет мүмкіндіктерін жақсы пайдаланады. Бұл олардың ауыл мен қала арасындағы тұрақты қозғалысын көрсетеді. Осындай деректер негізінде тек өз өнімдерімізді ғана емес, сонымен қатар жол-көліктік-логистикалық инфрақұрылымды, бизнес ортаны тиімді дамытуға көмектесуге болады", – деді Tele2/Алтел Мобильді қаржылық қызметтер бөлімінің басшысы Бекарыс Нұрымбетов.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі