Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"22 миллион": Роза Әлқожа Алматыда берген концертінің бағасын айтты

Роза Әлқожа Алматыда берген концертінің бағасын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүгінде жеке бизнесі бар Роза Әлқожа орамалдарын сатып, тапқан қаражатын шығармашылығын дамытуға жұмсайды екен. Бір концертіне миллиондап ақша беретін өнер иесі тіпті елордада пәтер жалдап тұрғанын жасырмады.

"Нұр-Сұлтанда үй алған жоқпыз. Үй алсақ болатын еді. Бірақ, концерт бердік. Ең аз дегенде 13 миллион болды. Алматыдағы кештің нақты бағасын білмеймін. Шамамен 22 миллионға жуық қаржы кетті. Бірақ біз Нұр-Сұлтанда екі жарым жыл пәтер жалдап жүрдік. Айына 200 мың төлеген едік", - дейді Роза Әлқожа.

Пәтер жалдаса да, кеш беретін ол кейде күйеуінің шағымданатынын жасырмады. Алайда, мүмкіндік барда қолдан келгенін жасап қалу керек дейді ол.

"Жолдасым концерт бермесең не болады. Мен жас емеспін. Мүмкін 45 жасқа дейін, мүмкін 50 ге дейін. Мен білмеймін ғой қаншалықты елдің алдында ән салатынымды. Сондықтан жас кезде, дауыс бар кезде, күш-қуат, бетіңнің әрі, мүмкіндігім бар кезде беріп алайыншы деймін", - дейді өнер иесі.

Талқылау