Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2021 жылдың соңына дейін Қазақстандағы жолдардың 85 пайызы жөнделеді

Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев ел аумағындағы жолдардың 85 пайызын жөндеу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"2021 жылы 17 білім беру нысанын салу жоспарланып отыр. Денсаулық сақтаудың 11 нысанының құрылысы аяқталады. Жолдардың жақсы жағдайдағы үлесін 85 пайызға жеткізу жоспарлануда. Қалалардың 100 пайызы, ауылдардың 90 пайызы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізеді", - деді Ирғалиев үкіметтің отырысында.

Ол 2021 жылы экономикалық өсімді үш пайыз деңгейінде қамтамасыз ету міндеті тұрғанын атап өтті. Осы мақсатта әр сала мен аймақ үшін мақсатты параметрлер анықталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр