2020 жылы Нью-Йоркте Әблязовтың ісіне қатысты сот өтуі мүмкін

2020 жылы Нью-Йоркте қашқында жүрген олигарх Мұхтар Әблязовтың ісіне қатысты сот өтуі мүмкін. Бұған дейін Қазақстанның бас прокуратурасы Мұхтар Әблязовке қатысты іс материалдарын шетелдік құқық қорғаушыларға жіберуге ниетті екенін мәлімдеген еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

abliazov

Нью-Йорктегі сот қарауы бұдан төрт жыл бұрын Алматы қаласы әкімдігінің және ортақ талапкер "БТА Банкінің" Мұхтар Әблязов пен оның қылмыстық сыбайластарын Құрама Штаттарда ұрланған қаражаттың ізін жасырды деп айыптаған талап-арызы бойынша қозғалған болатын. Сол кезден бері Алматы әкімдігі Әблязовтың жасаған қылмыстарын растайтын елеулі дәлелдемелер жинады, сондай-ақ сол қылмыстардың көптеген куәларының жауаптарын алды. Қараудың сотқа дейінгі сатысы қазіргі уақытта аяқталуға жақын және Алматы әкімдігі АҚШ алқабилер сотының алдындағы сот қарауы 2020 жылы өтеді деп санайды.

"Нью-Йорк сотының 2019 жылғы 30 қыркүйектегі шешімі осы сот қарауын едәуір жеңілдетеді. Бұл іс 2015 жылы бірінші рет қозғалған кезде Алматы әкімдігі және ортақ талапкер "БТА Банк" талаптарының қатарына Нью-Йорктегі Flatotel деген атпен белгілі жылжымайтын мүлікті қайтаруға негізделген "алаяқтық жолмен табыстау" туралы талап-арызын қосқан. Әблязов пен оның сыбайластары Алматы әкімдігінің активтерін қайтаруын болдырмау мақсатында 2014 жылы бұл мүлікті сатып жіберген", - делінеді хабарламада.

Нью-Йорк судьясы өзінің шешімінде "алаяқтық жолмен табыстау" туралы талап-арыздың мәні іс аяқталғанда Алматы әкімдігі мен ортақ талапкер "БТА Банк" жеңіске жеткен жағдайда сот шешімін орындау үшін Flatotel-ге қол жетімділікті қамтамасыз етуде» деп түсіндірді. Алайда бізге белгілі болғандай, 2015 жылдың соңында Алматы әкімдігі және ортақ талапкер "БТА Банк" Нью-Йорк сәулет ғимаратын салушысының меншігіндегі жылжымайтын мүлікті өзіне сәтті түрде қайтарып алған. Сондықтан осы аптада судья талапкерлер бұл талап-арызды өз мүлігін өзіне қайтарып алу арқылы әлдеқайда жеңіп қойғандықтан алаяқтық жолмен табыстау туралы талап-арыздың қажеті жоқ екендігі туралы шешім қабылдады.

"Соттың шешімі қандай да бір басқа талаптарға әсер етпейді және Алматы әкімдігі мен ортақ талапкер "БТА Банк" іс қараудың соңында алуды үміттеніп отырған залалды өтеуге әсер етпейді", - дейді әділет министрлігіндегілер.

Одан бөлек, сот шешімі Әблязовты немесе оның сыбайластарын қолдайтын дәлелдемелерге емес, техникалық құқықтық мәселеге негізделген. Алматы әкімдігі мен ортақ талапкер "БТА Банк" баяғысынша алқабилер Әблязов пен оның сыбайластарының осы қылмыстарды жасағандығына көздері жетіп, оған қоса талапкерлерге ақша қаражаттарын, соның ішінде талапкерлер істің басында сәтті түрде тыйым салған ондаған миллион долларды қайтаратындығына сенімді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...