2019 жылы болған саяси маңызды оқиғалар

2019 жылы еліміздің саяси өмірінде елеулі өзгерістер, тарихи шешімдер қабылдаған оқиғалар көп болды. Мәселен, Мемлекет басшысы ауысты. Бірқатар әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Тіпті, рұқсат сұрамай  митинг өткізу, Парламенттегі  оппозициялық партиялардың рөлін күшейту секілді бұрын-соңды болмаған бастамалар заң аясында қолға алынды.

Тоқаев ұшақтан қаза тапқандардың отбасына 4 миллионнан бөлуді тапсырды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бәрі осы кезден басталды. Қаңтар айындағы үкіметтің кеңейтілген отырысында төменде отырған қаржы министрі Әлихан Смайылов төрге шығып, сол жылжуымен  қазір вице-премьер деңгейіне жетті. Ал Сағынтаев басқарған үкімет осыдан кейін көп кешікпей отставкаға кетті. Себебі, ақпанның 4-і күні времянкада тұратын бір үйдің бес баласы бір түнде өртеніп, трагедия қоғамды бей-жай қалдырмады. Таратылған министрлер кабинеті қайта жасақталып, Асқар Мамин мремьер-министр болып тағайындалды.

Жаңа Үкіметте бұрынғы министрлердің біразы алмасты. Әлеуметтік саланы бір жылға жетер-жетпес басқарған Мәдина Әбілқасымованың орнына Бердібек Сапарбаев келді. Білім саласында Сағадиев кетіп, Асхат Аймағамбетов тағайындалды. Арыстанбек Мұхамедиұлының орнына Ақтоты Райымқұлова отырды. Ішкі істер мен сыртқы істер ведомстволары да ауысты.
Елдегі саяси өзгерістер мұнымен тоқтамады. 2019 жыл. 19 наурыз. Сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев тікелей эфирге шығып, президенттік өкілеттігінің тоқтайтынын жариялады.
Конституция бойынша мемлекет тізгенін қолына алған сол кездегі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде ант берді.

Қазақстанның жаңа президенті сол күні елордасы Астананың атауын «Нұр-Сұлтан» деп ауыстыру туралы Парламентке ұсыныс жасады. Депутаттар бұл бастаманы көпке созбады. Ал 9 маусым күні кезектен тыс Президенттік сайлау өтті. 7 кандидаттың арасынан жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың 12 маусымда ұлықтау рәсімі өтті.

Инаугурацияда президент бірқатар мәлімдеме жасады. Оның ішінде билік пен бұқараны жалғайтын консультативті орган Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылатынын жариялады.

24 маусымның таңы. Мамыражай күн кешіп жатқан ел-жұрт Арыстағы оқиғаны естіп аң таң болды. Оқ-дәрі сақталған әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен жұртты жұбатуға Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі сол күні барды.

Ел болып жұмылып, қаңырап қалған қаланы қайта қалпына келтірдік. Айтпақшы, Арыстағы жарылыс кезінде халықтан кешірім сұрамаймын деген қорғаныс министрінің сөгіс алғаны да есімізде.

Жалпы, еліміздегі биылғы саяси-әлеуметтік оқиғалар кезінде  сөзінен сүрінген шенеуніктер көп. Арасында жылағандары да бар..

Ал қыркүйектің 5 күні Президенттің бастамасымен құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Сайдың тасындай таңдап алынған ұлттық кеңестің 40-тан аса мүшесі елдің саяси өміріне үлкен өзгерістер енгізуді бастап кетті. Митингке шығу, Парламентке оппозициялық институттарды кіргізу, саяси партия құруды жеңілдету секілді бірқатар  ұсыныстарды заң аясында бекітуге күш салуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр