Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылы 8 ХҚКО қызметкері соққыға жығылған

Ағымдағы жылы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне қатысты 8 ұру фактісі тіркелді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2019 жылы 8 ХҚКО қызметкері соққыға жығылған

«Жыл басынан бері Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызметкерлерді ұрудың 8 фактісі тіркелді. Осы фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот шешімі шыққаннан кейін қосымша ақпарат беріледі. Мұндай жағдайлар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында болды. Осы 8 фактінің барлығы ұрып-соғу түрінде жазылған. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығында басқа да жанжал жағдайлары тіркелді», - деді Жұманбай Орталық коммуникациялар қызметіндегі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Корпорация директоры халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы азаматтардың жанжалдарының себептері туралы да айтты.


Тағы оқыңыз

Заңгер: ХҚКО қазақстандықтардың мәліметі жайлы ақпаратты сатып жатыр


 

«Мысалы, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері белгілі бір құжаттарды талап етеді, ал азаматтар қажетті құжаттардың толық пакетін ала бермейді. Қызметтерді алу үшін ХҚКО-ға бөтен тұлға жіберілген және оларда ешқандай сенімхат немесе туыстықты растайтын басқа құжаттар болмаған жағдайлар да болды. Соған қарамастан келген азаматтар қызмет көрсетуді талап етеді. Мұндай жағдайда біздің қызметкерлер заңды бұза алмайды. Олардың тиісті міндеттері мен талаптары бар. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері олардың өтініштерін орындамағаны және заңды әрекет еткендіктен, азаматтар жанжал шығаруда», - деді ол.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

1 қаңтардан бастап көтерілетін шәкіртақы көлемі анықталды

Білім министрі бұған қоса шәкіртақының көтерілуіне 13 миллард теңге бөлінетіндігін жеткізді

Нұр-Сұлтанда үлгілі қызметімен танылған полиция қызметкері миллион теңгелік пара талап еткені үшін сотталды

Полиция қызметкері бұл қылығы үшін 7 жылға түрмеден бір-ақ шықты

СҚО-ның экс-әкімінің інісі жарты миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Істің мән-жайы тексерістен кейін белгілі болады

Қызылорда облысында жол апатына түсіп, қаза болған мұнайшылардың отбасыларына бір миллион теңге берілді

Бұған қоса жәрдемақы жарақат алғандарға да тағайындалған

"Қатты ауырдым. Гормон таблеткаларын іштім": Айдана Меденова мінсіз сұлулыққа қалай қол жеткізгені туралы

"Артық салмақ қосып алдым"

Қарағанды облысында жаппай көліктер соқтығысуда (видео)

Жол оқиғасы көктайғаө пен тұманның кесірінен болған көрінеді

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады
Çàãðóçêà...