Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"20 миллион төлейміз": Хромтауда көз жұмған шахтерлердің отбасына көмек көрсетілетін болды

Хромтауда төрт шахтердің неден көз жұмуы мүмкін екені айтылды. Алдын ала себептер бойынша арнайы комиссия жұмысшылар белгісіз газдан уланғанын анықтады. Қазіргі таңда марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы талқылануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қуаныш

Қайғылы оқиға 30 желтоқсанда орын алған болатын. Ақтөбе облысында орналасқан шахтада бұрғылау жұмыстары кезінде жарылыс болып, төрт адам көз жұмды. Алайда сарапшылар марқұмдардың денесінен ешбір жарақат іздерін анықтамапты. Онда болған бір шахтер ғана аман қалған. Опат болған жұмыскерлердің барлығының артында зар жылаған әйелдері мен балалары бар. Апаттың толық себептері тексеру жұмыстары біткен соң жарияланбақ. 


Хромтаудағы шахтада болған жарылыс: Марқұмның әріптестері оқиға жайлы айтты


Жұмыс беруші аман қалған шахтерге 5 миллион теңге беретінін айтыпты. Көз жұмғандардың да отбасыларына материалдық көмек көрсетілмек. 

"Әр марқұмның отбасына бір реттік 20 миллион теңге төленбек. Екінші көмек - Ақтөбе облысында баспанамен қамтамасыз етеміз. Әр отбасы мүшесіне бір бөлме тағайындалмақ, яғни, егер отбасыда төрт адам болса, төрт бөлмелі үй беріледі. Үшіншісі - жалақыны үйдің ең кіші баласы кәмелет жасына толғанға дейін сақтау. Төртіншісі - балалардың ЖОО-да білім алуына жәрдемдесу", - деді Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қуаныш Қамиев. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр