Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 миллион теңгесін пойызда ұмытып кеткен қарағандылыққа ақшасы қайтарылды

Екі миллион теңгесін пойызға ұмытып кеткен қарағандылық азамат ақшасын қайтарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

багаж

41 жастағы Қарағанды тұрғыны Шымкент-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол бағытында жүретін пойызда 1 миллион 9 жүз мың теңгесін ұмытып кеткенін айтып, елордалық полиция бөлімшесіне шағымданыпты. Сөзінше, ақшасын қалдырып кеткені туралы пойыздан шыққан соң бір-ақ есіне түсіпті. 



"Не істерін білмеген ол таксиге отырып, пойыз келетін Нұрлы-Жол станциясына жеткен. Ол жақта бақылаушы полиция сержанты Берік Аққалиевке болған жайтты айтып беріпті. Айтылған әңгімеден кейін полиция қызметкері жедел іздестіру амалдарын жүргізіп, ақшасы бар сөмкені иесіне қайтарды", - деді көліктегі полиция департаментінің өкілдері. 

Өз кезегінде қарағандылық азамат полицейлерге алғыс айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды. 

Талқылау