Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 700 000 теңгеге LADA Granta: бағаның төмендеуіне не себеп? 

 «Бипэк Авто – Азия авто»  компаниялар тобы қаңтардың басында LADA Granta  танымал автомобилінің 2 700 000 теңге жаңа бағасын жариялаған. Мұндай жаңалық үлкен қызығушылық туғызды және белсенді талқылауларға арқау болды.  Бағаны төмендетудің себебі неде, ұсыныстың жарамдылық мерзімі қандай, сатып алушыларды қандай тосын ұсыныстар күтіп тұрғаны туралы«Бипэк Авто – Азия Авто» АҚ коммерциялық директоры Константин Лобанов және «Азия Авто Қазақстан» АҚ бас директоры Ержан Мандиев баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

- Константин Павлович, алдымен, 2019 жыл толығымен автонарық үшін және сіздердің топтарыңыз үшін қалай аяқталғанын сұрағым келеді? 

- Өткен жыл біз үшін және жаңа автомобильдердің барлық нарығы үшін табысты жыл болды. Автомобильдерді сату деңгейі 70 000 бірлік автомобильден асты, ол нарықтың 20%-ға өсуіне сәйкес. Автомобиль жасау сияқты мұндай технологиялық күрделі саланың Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқанын жете түсіну жағымды. Осы нарықтағы барлық ойыншылар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе алды, өз орнын, өз тұтынушысын таба алды. 

- Өткен жылы нарық қалай өзгерді, оның ерекшеліктері қандай болды? 

- Автомобильдердің сатылымы көптен бері экономиканың толықтай сауығуының сенімді айғақтауышы болды. Нарықтың айтарлықтай өсуі әлеуеттің артып келе жатқанын көрсетеді, демек – біз батыл түрде жаңа жоспарлар жасап және әрі қарай дами аламыз. Кәсіпорын ретінде біз конвейерде автомобильдер құрастырылмай, бос тұрудан өттік. Өткен жылы біз өзіміздің BIPEK Contact телематикалық жүйемізді әзірледік және таныстырдық. 
LADA-RENAULT және KIA-HYUNDAI тобының автомбильдері сатылымның көшбасшылары болып қалуда. Ол біріншілік кездейсоқ емес: осы брендтердің модельдері көптен бері Қазақстанда да бүкіл әлем бойынша да бестселлерлердің тізіміне кірген. Клиент өз қалтасына қарай отырып, оларды сенімділігі, жайлылығы, заманауи дизайны мен қауіпсіздігі үшін бағалайды. 

- Жылдың басында сіздер жаңа автомобиль рекордтық төмен бағамен қолжетімді болатын бағдарламаны іске қостыңыздар. Мұндай қадам немен байланысты? 

- Сөз «LADA Granta – дұрыс таңдау» бағдарламасы туралы болып отыр. Бағдарламаның талаптарына сәйкес 2020 жылы шығарылған жаңа «Грантаны» 2 700 000 теңгеге сатып алуға болады. Бағдарлама енді ғана айналымға ене бастады, қарқыны бізді өте қуантып отыр. Біз бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша нәтижелер туралы міндетті түрде айтамыз, сандар сіздерді таңғалдырады деп ойлаймын. LADA Granta үнемі «халықтық автомобиль» болған, осы бағдарлама біздің отандастарымыздың арасында автомобильдің ұстанымдарын нығайтатыны сөзсіз. 
Бағдарламаны әзірлей отырып, біз қазақстандықтардың көпшілігі жаңа автомобильге қол жеткізе алуы үшін автомобиль сатып алу біздің клиенттеріміздің бюджетінен күйзеліссіз өтуін қаладық. 

Бірегей сауда ұсыныстары корей маркілеріне әуесқойлар үшін де іске қосылғанын қуана хабарлаймыз. Мысалы, KIA Rio-ны 5 290 000 теңге бағамен, ал KIA Sportage кроссоверін 8 460 000 теңгеден бастап сатып алуға болады. Батыста айтатындай – ол good deal. 

-Сіздер мұндай қадамға баруға қалай шешім қабылдадыңыздар? Әдетте, жылдың басында бағалар өседі, ал сіздер бізге 2018 жылғы бағаларды қалай қайта әкелдіңіздер? 

 «Азия  Авто Қазақстан» АҚ бас директоры Ержан Мандиев жауап береді. 

-Өте маңызды мәселе. Шындығында бұл бір жылдың жұмысы емес. Біз осы міндетті шешуге 1999 жылы қадам бастық: компания құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін біз еліміздің аумағын 100% қамтитын өз филиалдары бар вертикальды интеграцияланған холдинг құрдық. Біздің өз өндірісіміз, логистикамыз, сервисіміз, өндірушілермен тікелей жұмысымыз бар. Яғни, клиентке апарар жолдағы әрбір қадамда делдалдардың болмауы – біздің бірегейлігіміз. 28 жыл жұмыс істегенде, компания өзінің дамуына жарты миллиард доллар инвестициялады. Инвестициялардың тек аз ғана бөлімінен мысал келтірейін: «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» деген жазуы бар сіздер көріп жүрген, темір жол вагондары бізде 320, олардың әрқайсысы 120 000 доллар тұрады, тек вагондар ғана – ол 38 400 000 доллар тұрады. 

Автомобиль сатып алуға жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын іске асыру, пайдаға асыруға жинауды енгізу бөлімінде үкіметтің белсенділігі мен банктер атынан сенімді серіктестер де соңғы рөл атқармайды. Осы мүмкіндіктердің барлығын біріктіріп қана, осындай теңдессіз ұсынысты қалыптастыруға қол жеткіздік, ол ұсыныс өз мәні бойынша – көпқырлы операция. Қазақстанда оған бір де бір компания шешім қабылдай алмады, олар оны істей аламайды. Бір қолға шоғырландырылған өз бөлімшелері болмағандықтан, оларда өнімнің сатып алушыға өтетін барлық тізбегінде делдалдар бар. Бүгінгі күні біздің ағымдағы және болашақтағы клиенттеріміз біздің тәуекелдеріміз бен шешімдеріміздің, көпжылғы жұмысымыздың жемісін көруде".

- Бағдарлама қаншаға есептелген? 

- Сіз баға немесе мерзімдер туралы сұрап отырсыз ба? Егер мерзімдер туралы болса: барынша ұзағырақ болады. Баға туралы болса: біз сиқыршы емеспіз, төмен болмайтынын нақты білеміз. Міндетті түрде қымбатырақ болады. Мұндай бағаны ұстап тұру өте ауыр екеніне сеніңіз, әрбір қадамда әсер ететін параметрлер бар: ол мұнай бағасы, соның салдарынан валюталардың бағамы, темір жол тасымалдарының құны және соңында жинақтау құралдарының құны да әсер етеді. Ол күрделі кооперативтік процесс екенін қайталап айтамын. 

- Неге дәл осы модельдер, таңдау қалай жүргізілгені қызық? 

- Біздің ұсыныстарымызды іске қосар алдында біз нарыққа мұқият талдау жасадық. Көрініс көңіл жұбатарлық емес: Қазақстандағы автопарктің орташа жұмыс істеу уақыты 19-20 жыл, көптеген машиналардың жүрген жолдары 150 000 шақырымнан асады, машиналардың жағдайына болжам жасау қиын. 

Соған қарамастан, ескі автомобиль үшін кредит бойынша төлем ай сайын  50-60 000 теңгені құрайды, автомобиль 2 млн.теңге тұрған жағдайда, баға сегментінде 7 млн.теңге тұрады, кредиттік төлемдер айына тіпті 170 000 теңгеден астам соманы құрайды. 


Біздің компанияда ескі автомобильдерге «нөлдік толеранттық» (күлді). Бұл жерде біз 7 жылдан асқан автоны ескі автомобильдер деп танитынымызды түсіну маңызды. Біз еліміздің әрбір тұрғынының жаңа автомобиль сатып алуға мүмкіндігі болуы үшін барлық жағдайды жасаймыз. LADA Granta кездейсоқ таңдалған жоқ, ол модель көптен бері барлығына арналған автомобиль, «халықтық автомобиль» атағын иеленген және ол негізсіз еместігін де айту керек. LADA Granta бірінші жыл өз сегментінде ең қолжетімді жаңа автомобиль емес.

2 700 000 теңге баға – ол осы титулды бекітуге күдіксіз мүмкіндік беретін жаңа трамплин. Сонымен бірге ол -  «Азия Авто Қазақстан» АҚ-ның салынып жатқан конвейерінде құрастыруға тұрарлық анағұрлым ықтимал және көпшілік модельдердің бірі. Осы жылы біз сатып алушыларымыз, олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктері туралы көбірек білгіміз келеді. 

Одан басқа, бағаны төмендетуден бөлек біз серіктесіміз «АВТОВАЗ» КАҚ-мен көп жұмыс жүргіздік және LADA Granta-ға арналған кепілдіктің 3 жылға немесе 100 000 шақырым жүрген жолға  ұлғайтылғанын хабарлаймыз.  

Атап айтқанда, сондықтан біздің клиенттеріміздің  шеңберіне кіру перспективасы ұтымды және стратегиялық көрегендік. Біз барлық отандастарымызға өз көмекшілерін -  автомобильдерін дұрыс таңдауды тілейміз.


- Осындай жолмен қандай мақсаттарға жетуге тырысасыздар? 

- Біздің зауытымызға арналған автомобильдер паркін жаңартудан және конвейердің жүктелімін қамтамасыз етуден басқа біз көп адамдардың жаңа автомобильді иеленудің барлық артықшылықтарын бағалау мүмкіндігі болғанын қалаймыз. Жаңа автомобиль – ол, ең алдымен, сенімді, қауіпсіз, экологиялық автомобиль. Жаңа автомобильді иеленуден рақаттану сияқты мұндай факторды шоттан есептен шығаруға болмайды. 

-Салмақты өтінім. Осы жылы сіздерден жаңа рекордтар күтуге бола ма? 

 «Бипэк Авто Қазақстан» АҚ коммерциялық директоры Константин Лобанов жауап береді. 

-Біз көп жыл рекордтар көрсетіп келеміз. Компания 28 жыл жұмыс істеген уақытта Қазақстанның нарығына біз 550 000 автомобильден астам автомобиль саттық, әрине, алдымызға асқақ жоспарлар қойып отырмыз. Осы жылы рекордтар болады, оны біз нақты айта аламыз. 
Стив Джобс айтқандай, «тағы да бір нәрсе». Жақында біз клиенттерімізге арналған «БИПЭК Клуб» бірегей бағдарламасын іске қосамыз, ол  аз дегенде бізге бір рет келген клиент үшін барлық лайықтыны ұштастыратын болады. Біздің тобымыз («БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» КТ) өз сатып алушыларын жоғары бағалайды, тек солардың арқасында ғана біз қазіргідей жағдайға жеттік. Осы жылдар ішінде отбасылар толықты, өсті, олар бізге автомобиль, қосалқы бөлшектер, сервис үшін қайта айналып келеді.

Біз оларға алғыс білдіреміз және біздің ұзақ уақыт бірлесіп жұмыс істеуіміз үшін ең қолайлы жағдайларды жасаймыз. Заманауи технологиялар кейін клиент әрбір келгенде мың немесе миллион теңгеге ерекше жеңілдіктер беру үшін әрбір клиентті түсінуге, қызығушылығын, басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескеруге және алдын ала білуге мүмкіндік береді. «Халықтық автомобильді» қолдау үшін біз барлығына және әрбір клиентке арналған «халықтық» бағдарлама дайындап жатырмыз. Жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар!

 

 

Талқылау