Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

19 жастағы қыз "Қазақстан аруы - 2019" атанды (фото)

Нұр-Сұлтанда "Қазақстан аруы-2019" байқауы өтті. Конкурс финалына әр өңірден 32 ару қатысты, бір қыз денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалды.

Фото: tengrinewskz

Жеңіске Павлодардан келген 19 жастағы Мадина Батық жетті. "Қазақстан аруы" байқауының жеңімпазы "Әлем аруы" байқауына жолдама алды. Сондай-ақ, 3 миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етілді.

"Бұл өте қызықты және ұмытылмас сәт, мен эмоцияларымды жеткізе алмаймын, мені қолдағандарға алғысымды айтамын. Ұтысымды ата-анама табыс етемін", - дейді жеңімпаз. 

19 жастағы қыз "Қазақстан аруы - 2019" атанды (фото)

"Қазір университетте туризм мамандығы бойынша оқимын. Болашақта біздің елдегі туризмді дамыту мақсатында мамандық бойынша жұмыс істегім келеді", - деді Мадина.

Диана Әбішева бірінші вице-мисс атанды. Екінші вице-мисс дәрежесі Надежда Недосековаға, үшінші вице-мисс Сания Мерғалиеваға бұйырды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр