"18 жасқа дейін тұрады": Ержан Максим Лондоннан шақырту алды

«Голос Дети» байқауының финалисі Ержан Максимге Лондоннан хабарласып, ұсыныс жасап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі Talklike бағдарламасына сілтеме жасап.

Ержан

Қазіргі таңда Ержан Максимге көптеген ұсыныс түсіп жатқан көрінеді. Анасының айтуы бойынша, бұл ұсыныстар Ержанның білім алуына кері әсерін тигізіп жатыр. Әншінің сабақтан көп қалғаны отбасын толғандыруда. Сондықтан олар Лонданнан түскен ұсынысқа әлі жауап бермеген.

«Лондоннан хабарласып, алдағы уақытта болатын «Х-фактор» жобасына шақырып жатыр. Қазіргі кезде отбасымызбен осы тақырыпқа ақылдасып жатырмыз. Ержан сабақтан көп қалып қалды. Оған қоса, ұлыма ағылшын тілін үйрену керек», - деп айтты әншінің анасы.

«Х-фактор» жобасына шақырылған Ержан әуелі музыкалық білімін жетілдірмек. Алдағы уақытта Ержан кәсіби білім алу үшін музыкалық мектепке тапсырып, оқуын жалғастырады.

Әзірге Ержанның «Юнайтедпен» келісімшарты бар. Соған сәйкес, финалистер турға аттануы керек. Әнші кішкентай екенін айтқан анасы, оның 18 жасқа дейін елде қалатынын жеткізді.

«Ержан Қазақстанда 18 жасқа дейін тұрады», - дейді Гүлмира Әлібек.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр