Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"16 минут бойы жанды": Үйін тәркілеуге қарсы болған тұрғын өзін өртеп жіберді

Өзбекстанда Әндіжан облысының осы аттас ауданында үйін тәркілеуге қарсы шыққан 31 жастағы тұрғын өз-өзін өртеді. Оқиға 21 қаңтарда кешке "Бешбуйнок" махалласында болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

өрт

Куәгерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілген тұрғынның денесінің шамамен елу пайызы күйіп қалған.

"Айқай естідім. Сол кезде Хушнуд үстіне бензин құйып, шірпімен өртеді. Ол алты минуттай жанды. От 1,5 метрге дейін көтерілді. Мәжбүрлеп орындату бюросының қызметкерлері қызмет көліктеріне мініп, терезеден қарап отырды. Сосын кетіп қалды. Көршілер шығып, өртті сөндірді. Хушнудты ауруханаға алып бардық. Оның жағдайы ауыр, өйткені мойны мен жүрек тұсы қатты күйген", - деді куәгерлердің бірі.

Хушнудтың әпкесі Гүлбахор Омонованың айтуынша, бюро қызметкерлері оның інісінен үйін босатуды талап еткен.

– 2013 жылы оның үйі кепілге қойылған. Інім жұмаға дейін уақыт сұраған. Дегенмен инспекторлар оған келіспеген. Сол кезде інім өзін өртеген. Қазір ол ауыр қалде ауруханада жатыр. Оның жұтқыншағы 45 пайыз күйіп қалған, – деді Гүлбахор.

Өзбекстанда соңғы жылдары тұрғындардың шарасыздықтан өз-өзін өртеген жағдай жиі қайталанып жүр.

Талқылау