Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1,5 мың жануар азапталып өлді: Илон Масктың ми чиптерін жасайтын Neuralink компаниясы тергеуге алынды

Америкада Илон Масктың миға чиптерді орнатумен айналысатын Neuralink компаниясын тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

маймыл сынақNeuralink сынақтарынан скриншот

Қазір тергеу істерін АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі жүргізуде.

Тергеушілер Neuralink-тың ондаған құжатын шолып, компанияның 20 қызметкерінен жауап алды. Қызметкерлердің жануарларға озбырлық жасайтын мұндай зерттеу жұмысына қарсы екені анықталды.

Neurаlink Corp сал ауруына шалдыққан адамдарға қайтадан жүруге және басқа неврологиялық ауруларды емдеуге көмектесетін ми имплантын жасап жатыр. Сынамалар жануарларға жүргізілді.

2018 жылдан бері Neuralink зерттеулерінің кесірінен бір жарым мың жануар ажал құшқан. 

Әзірге компания басшылығынан, Илон Масктың өзінен қандай да бір ресми жауап берілмеді.

Осыған дейін Илон Маск компаниясы 2023 жылдан бастап сынақты адамдарға жасайтынын мәлімдеген еді.

Талқылау