Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 жыл бойы пәтер кезегінде тұрған Талдықорған тұрғыны кенеттен тізімнен алынып тасталған

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың назарына! Пәтер кезегінде бірінші болып тұрған Талдықорған қаласының тұрғыны Ырысбул Естемесова баспанасын ала алмай қалды. 14 жыл бойы үй кезегінде тұрған жанның дәл кезегі жеткенде тізімнен аяқ асты алынған. 

14 жыл бойы пәтер кезегінде тұрған Талдықорған тұрғыны кенеттен тізімнен алынып тасталған

Оған шенеуніктердің салғырттығы себеп болған. Ырысбул Естемесова 14 жыл бұрын мүгедек баласы бар ана ретінде баспана кезегінде тұрған еді. 4 жыл бұрын сал ауруына шалдыққан баласы кенеттен қайтыс болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

Баласының қазасы жөнінде қалалық тұрғын үй бөліміне жазбаша хабар берген. 

"Жағдайды түсіндіріп жалғызбасты ана ретінде үйді қалай ала алам деп сұрадым. Маған сол санат бойынша беріледі деп түсіндірді", - деді тұрғын. 

Ұлы қайтыс болған соң да Естемесоваға пәтер кезегінің жылжып жатқаны жөнінде ылда анықтама беріп отырған. Талдықорған қаласының әкімдігі өз қателігін енді сезді ме олай, заң жүзінде олай болмайды деп шықты. 

"Заң бойынша, анықтамасын алып келгенде ол кісіні кезектен алып тастап, қолына хабарлама беру керек еді. 2015-2019 жыл аралығында қаншама кезегім жылжитын еді деп бұл кісі өз наразылығын айтып отыр. Сондықтан оның жағдайын комиссияға береміз", - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Данияр Оразов. 

Медбике болып жұмыс істейтін Ырысбул Естемесоваға үй беріле ме, жоқ па оны комиссия шешеді. Қалалық тұрғын үй бөлімінің салғырттығынан сан соғып қалған тұрғын әділетті шешім болады деп сенеді.

Талқылау