Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 жастағы қыз бір секіріспен мәнерлеп сырғанау тарихына кірді

Ресейлік фигурист Александра Трусова әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау тарихында алғаш рет төрттік лутц трюгін орындады, деп хабарлайды ресейлік басылымдарға сілтеме жасаған Stan.kz ақпараттық агенттігі.

14 жастағы қыз бір секіріспен мәнерлеп сырғанау тарихына кірді

Жас әрі дарынды спортшының видеосы YouTube-тегі ISU Junior Grand Prix арнасында жарияланды.

Техникалық элементті орындаған Трусоваға әділ-қазылар алқасы әртүрлі баға бергенімен, спортшы ерікті бағдарлама үшін 146,7 ұпай алды. Бұл көрсеткіш 14 жастағы қызға Каунаста өткен жарыста жеңіске жетуге көмектесті.

6 қыркүйек күні ол қысқа бағдарлама үшін 74,74 ұпай алған болатын. Бұл әлем рекордын жаңартты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау