Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 жастағы қыз босанды: Оны туған әкесі зорлады деп күдіктелуде

Қырғызстанда 14 жастағы қыз босанды. Қызды әкесі зорлаған деп күдіктелген. 

14 жастағы қыз босанды: Оны туған әкесі зорлады деп күдіктелуде

29 тамызда Шу облысы, Жан-Пахта ауылында 14 жастағы қыз босанды.

Қыздың 53 жастағы әкесі күдікке ілінді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. 

"Қазір жаңа туған нәрестені басқа отбасыға берді. Ешкім арыз жазған жоқ. іс тексеру шарасы барысында анықталды. Тергеу нәтижесінде ата-анасы мен дәрігерлерге заңды бағасы беріледі. 

Шу облыстық полиция мәліметінше, 14 жастағы қыз отбасының тұңғыш баласы. Қазіргі уақытта балаларды қорғау орталығында психологтан көмек алып жатыр. Отбасында одан бөлек екі қыз және екі бала бар. 

Құқық қорғаушы кәмілетке толмаған балалардың жүктлігі зорлық салдарынан болатынын айтты. Ал, қылмыскерлер жазасыз қалып жатады. 

Талқылау