Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

14 метр биіктен құлаған мотоциклші ғажайып жағдайда тірі қалды

АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында мотоциклді тізгіндеген 31 жастағы ер 14 метр биіктен құлап кетті. Ол ғажайып жағдайда аман қалды.

14 метр биіктен құлаған мотоциклші ғажайып жағдайда тірі қалды

Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі WSRZ басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мотоциклмен келе жатқан ер адам кенеттен қозғалыс құралын басқара алмай қалып, жолдың шетіндегі бетон қоршауға соғылыпты. Мұнан кейін ол жолдан ұшып түсіп, 14 метрлік эстакададан құлап кеткен. 

Салдарынан көптеген жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Мотоциклші жол-көлік оқиғасының салдарынан ауыр жарақат алған. Алайда дәрігерлер оның беті бері қарап келе жатқанын айтады. 

Ер адамның мотоциклді неліктен басқара алмай қалғаны хабарланбады. 

Талқылау