Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жас кіші: Асхат Тарғын келіншегімен қалай танысқанын айтты

Асхат Тарғын өзінен 13 жас кіші келіншегімен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Той жыры" бағдарламасына сілтеме жасап.

Танымал өнер иесі өзінен 13 жас кіші келіншегін досының әйелі тауып бергенін айтады. Осыған дейін отбасылы болған әнші ешкімді ұнатпай, ақыры соңында досының келіншегінің сіңілісін дұрыс деп тапқан.

"Жандос деген досым бар. Соның келіншегі маған өзінің құрбыларын, таныс қыздарын көрсетіп, үйлен деп маған келіншек іздеді. Шыны керек, маған ұнаған жоқ. Содан ол "Өзімнің сіңілілеріммен таныстыратын шығармын енді" деп ренжіді. Сіңілің қай жылғы деп сұрадым. Сөйтсем Әлияны айтқан екен", - дейді Асхат Тарғын.

Осылайша әнші екінші мәрте отбасылы болып, перзент сүйген. Екі жас алғашқы рет тойда танысып, ұғынысқан.

"Туысқандарымыздың тойы болды. Сол кезде Әлиямен таныстырды. Осылайша танысып, суретке түстік", - дейді Асхат Тарғын.

Талқылау