Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

​​​​​​​120 мың қазақстандық тегін техникалық және кәсіби білім ала алады

Қазақстанда колледждердегі мемлекеттік тапсырыс саны өспек. Енді 120 мың адам техникалық және кәсіби білімді тегін ала алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

грант

Бұл 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мың орынға көп. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді. 



Сонымен қатар колледждерді кәсіпорындар қамқорлығына беру жоспарланып отыр. Бұл қосарлы білім беруге жол ашады, яғни студенттер теориялық білімді оқу мекемесінде, практикалық білімді жұмыс орнында алады. 

Айта кетейік, бұған дейін студенттердің шәкірақысы өсетіні туралы хабарлаған едік. Білім және ғылым министрлігінің дерегіне сүйенсек, ЖОО студенттірінің стипендиясы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өседі. 

Талқылау