12 жастағы ұл бала өзін өлтірмекші болған өгей әкесінен терезеден секіріп, қашып кеткен
Наубайханада орналасқан бейнебақылау камералары осында қансырап көмек сұрап келген 12 жастағы жеткіншекті видеоға түсіріп қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сұмдық оқиға Татарстанда орын алған. Татар азаматы өзінің әйелін, жасы үлкен өгей баласы мен екі жастағы туған баласын пышақтап өлтіріп, 12 жастағы өгей баласына тап беріпті. Абырай болғанда жеткіншек бөлменің есігін жауып, артынша терезеден секіріп үйден қашып кетіпті.
Наубайхана қызметкерлері бозбалаға алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақыртып, кейіннен ауруханаға жеткізілген.
Келіп түскен ақпарат бойынша оқиға Татарстанның Менделеевск қаласында болған. Бұрындағы үш рет сотталған ер азамат ішімдікке сылқия тойып алған күйі өзінің отбасындағы адамдарға пышақ ала жүгірген. Салдарынан 3 адам мерт болыпты. Тек терезеден шығып, өгей әкесінен қашып құтылған 12 жастағы ұл бала аман қалған.
Қазіргі таңда ер азамат тергеу изоляторына қамауға алыныпты. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оның бұл қылығына қызғаныш себеп болыпты.