Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны бір қап қару-жарақ жинап, аса ауыр қылмысқа дайындалды 

12 калибрлі екі шолақ және тегіс ұңғылы мылтықтар, карабин, 15 оқ-дәрі. Осынша қару-жарақ арқалаған алматылық аса ауыр қылмысқа дайындалған. Тәртіп сақшылары заңсыз қаруды "Думан" ықшам ауданынан, күдіктіні тінту кезінде Audi көлігінен тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалалық полиция департаменті қару-жарақты сақтаған 27 жастағы күдіктіні уақытша оқшау абақтысына қамады.  Оның әрекеті қылмыстық кодекстің 287 бабы, 3-бөлігі бойынша қарастырылып жатыр. Тергеу жұмыстары басталып кетті.  Күдіктінің бұрын бопсалау фактісі бойынша істі болғаны анықталды. 

"Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қару-жарақты өзінің үйінде және автокөлігінде сақтаған 92 жылы туған Т. есімді азаматты құрықтаған. Бұл азамат аса ауыр қылмысқа бел буыпты. Қарақшылық, шабуыл, тонау әрекеттерін жасамақшы болды. Бірақ қылмыстық пиғылын жүзеге асырып үлгерген жоқ. Ұсталды", — дейді Алматы қаласындағы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

"Қорамсақ" қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті Сергей Катновтың айтуынша, қазір пневматикалық қару-жарақты сатып алу қиын емес. Осыдан бір ай бұрын "Аққент" шағын ауданында 15 жастағы бозбала суық қарумен бүтін бір отбасын асыраушысынан айырған еді. Қару-жарақты сатып алу үшін қатаң тәртіп орнатылуы қажет.

"Қылмыскерлер негізінен тапаншаға әуес кtkледі. Қазір пневматикалық қарулар емін-еркін сатылады.  Әсіресе ғаламторда. Осыны шектеу керек. Қатаң талаптар қойылуы керек", — дейді вице-президент. 

Күдіктіден тәркіленген қарулар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қарулардың бұрын қандайда бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталмақ.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында 15 жастағы жасөспірім төбелес кезінде көз жұмды

Төбелесте тағы екі жасөспірім пышақ жарақатын алған

Түркістан облысында жас жігіт 15 жастағы қызды алып қашып, зорлап тастаған

Сот жігітті 11 жылға бас бостандығынан айырылды

"Күлкі дегенді ұмыттық. Өзіме келе алмай жүрдім": Нұрлан Еспанов әйелі қатты ауырған күндер туралы

Әнші әйелін емдетуге ақша беріп көмектескен достарына алғыс айтты

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

Отырыс кезінде әлдененің қатты даусы шығып, қатысушылардың назары соған ауды

Ақмола облысында ер адам жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп түсіп, үйді тонап кеткен

Ол жолында кездескен үйге кіріп, өзін отағасының досымын деп таныстырған

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты (видео)

Апат салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Олжас Ыбыраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Алматы облысында сынып жетіспеген соң, мектеп директоры өз кабинетін босатып дәлізде отыр

Мектеп теп 4 сыныпқа дейін оқытатын көрінеді

Назарбаев Украина мен Ресей президентін Қазақстанда жеке кездесуге шақырды

Елбасы: Путин бұл кездесуді қаламайды деу қате

Бағдаршам туралы қызықты деректер

Әлемдегі ең алғашқы бағдаршам осыдан тура 105 жыл бұрын АҚШ-тың Кливленд қаласында орнатылған
Çàãðóçêà...