116 сағат үйіндінің астында жатқан: Түркияда 20 жастағы жігіт құтқарылды
Түркияның Кахраманмараш қаласында құтқарушылар 116 сағаттан кейін үйінді астынан тірі адамды алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түрік ақпарат құралдары 20 жастағы жасөспірімнің үйінді астында бес тәулікке жуық уақыт болғанын жазады. Құтқарылған жігітті дереу дәрігерлерге тапсырған, ол әбден азып-тозған, оның құтқарылуын көпшілік ғажайыпқа теңеп жатыр.
- Түркияда жер сілкінісі кезінде құлаған тұрғын үй кешенінің бас сәулетшісі әуежайда ұсталды
- Ақтауда мұғалімдер Түркияда зардап шеккендерге көмек үшін күштеп ақша жинатып жатқанын айтып шағымданды
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияда жер сілкінісі салдарынан 20 318 адам қаза тапты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мәлімдеді. 80 012 адам жарақат алған. Қазір елде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген