Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

115 мың еуромен ұсталған: Ақтауда облыс әкімінің орынбасарына қатысты сот басталды

Ақтауда үлкен сомамен ұсталған мемлекеттік қызметкерге қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

әкім

Облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Серік Аманғалиев ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр. Өткен жылдың қараша айында ол әуежайда 115 мың еуромен ұсталған еді

Экс шенеунік өзін журналистерге түсіруге рұқсат бермеді. Сот залына күзетшілерімен келді. VIP арестантты бір емес, Алматыдан шақырылған екі бірдей адвокат қорғап отыр. Сот Аманғалиевпен бірге жұмыс істеген мемлекеттік қызметкерлердің жауабын тыңдады. 

Тергеу нұсқасы бойынша, 115 мың еуро параның тек бір бөлігі болған. 
Мұз сарайын салу үшін шетелдік бизнесмен Ян Хован өңірдегі екінші адамға 400 мың еуро жіберген деген болжам бар. Жобаның өзі 4,5 млрд теңгеге бағаланған болатын. 

Серік Аманғалиев облыс әкімінің орынбасары болып небәрі 11 ай ғана жұмыс істеп үлгерді. 

Талқылау