Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

10 жастағы елордалық "шыны" қызға ата-анасы қол ұшын тигізуге қорқады

Мектепке барып, аяқтарына тұрып кетуді армандайтын Аружан Оразбекованың анасы қыздың қазір қандай емдік әдіспен емделіп жатқанын, қазақстандықтардан қандай көмек керектігін айтып берді,  деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Өмірге деген махаббатын жоғалтпаған, арманы асқақ Аружан Оразбекова айқын мақсатына жетуі үшін "шыны" қыздан денсаулығы мықты аруға "айналуы тиіс". Бір жасқа толған кезінен-ақ жетілмеген остеогенез дертіне шалдыққан кейіпкеріміздің отасына 8 миллион теңге керек. Көмек сұрап бармаған жері, баспаған тауы қалмаған ана қызының өміріне бей-жай қарамауды өтінеді.

"Қызым туылғанда ешқандай ауру белгілері болған жоқ. Басқа балалар секілді сап-сау өсіп келе жатқан. Бірақ бір жасқа толғаны сол-ақ еді, аяғы сынып, уайым туғызды. Үш жасына дейін аяғы шамамен қырық рет сынған шығар. Әрқайсымыз кесіріміз тие ме деумен қызымызға қол ұшымызды тигізуге қорқып жүрдік", — дейді Гүлзира Оразбекова.

Аружанның анасының сөзінше, қазақстандық дәрігерлер кішкентай қызға көмектесетін емдік әдістерді ұсына алмаған. Басында мамандар Аружанды елімізде емдеп жазуға болатынын айтып, үміт берген көрінеді. Алайда, баласының денсаулығында ешқандай өзгерістерді байқамаған ата-ана қызды көрші орналасқан Ресейде емдету туралы шешім шығарған екен. 

"Мәскеуде жетілмеген остеогенезді емдейтін орталықта Аружанды алты жыл бойы емдетіп жүрміз. Әрбір төрт ай сайын қабылдайтын емнің арқасында қызымның сүйектері қатайды. Ал өткен жылдың қараша айында бізге толығымен жазылып, жүгіріп кетуге мүмкіндік беретін отаны жасатуға шақырту келді. Жасырып не керек, осы отаның ақшасын төлеп тастауға жағдайымыз жетпейді.

Біз осы уақытқа дейін ешкімнен материалды жағынан көмек сұрамадық. Басымызға ауыр іс түссе де, өз күшімізбен қиындықты жеңіп шығамыз. Бірақ қазір бізде бірде-бір табыс көзі болмағандықтан Аружанның отасына ақша жинауға ақ пейілді жандар атсалысса екен", — дейді қазақстандық әйел.

Гүлзира Оразбекованың айтуынша, ота Аружанға ешкімге тәуелді болмай, еркін өмір сүруге мүмкіндік береді. Ол сүйектердің  ішіндегі жілік май зақымдалмай тұрып тез арада жасалуы тиіс.

"Қызымызды аяққа тұрғызу арманымыз. Бірінші кезекте баламыздың арманы. Күнде қашан жүріп кететінін сұрайды. Тілге, қолөнерге деген құлшынысы мықты. Қазір ол үйде отырып оқыту бағдарламасымен білім алып жүр. Оқу озаты. Үшінші сыныпты да беспен бітіріп отыр. Әйтсе де, менің ойымша, үйде оқыту бағдарламасының сағаты аз, мектепке барып оқығанға жетпейді.

Сондықтан қызымызды тез арада білім шаңырағына бергіміз келеді. Аружан мектепте, сосын шетелде білім алуды армандайды. Өз күшімен ағылшын, түрік, орыс тілдерін үйреніп алған. Ол ешқашан мойыған емес, барлық балалармен, адамдармен тез тіл табысады. Болашақта қызымның Қазақстанның мақтан тұтар азаматы болатынына сенемін. Қызым сондай алғыр, білімді, мейірімді. Алла Тағалаға маған осындай зерек, дара баланы сыйлағанына алғыс айтамын", — дейді анасы. 

Бала арманының орындалуына себепкер болып, өмірінің жақсаруына өз үлесіңізді қосқыңыз келсе көмекті ақшалай түрде төменде көрсетілген реквизиттерге аудара аласыз. 

Халық банк:
4402 5735 4335 5541
Каспий Gold: 5169 4931 2917 6338 

ЖСН: 760827402541

Анасы Гүлзира Оразбекованың нөмірі: 8 775 650  7639

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр