Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10-қабаттан құлаған баланы құтқарған жігіт: Баланың ата-анасы маған әлі хабарласқан жоқ

Артем Карев елордалық батыр атанды. Оның ерлігі жайлы кешелі бері ақпарат көздері жазып жатыр.

Артем Каревтің 10-қабаттан құлаған баланы құтқарып қалғаны жайлы хабарлап, видеосын жариялаған болатынбыз. Ол бұл ерлігін кездейсоқ болды деп отыр, деп жазады Zakon.kz.

Артем ауладағылардың шуын естіп, балконға шыққанда жоғарғы қабатта баланың ілініп тұрғанын көреді. Құлап келе жатқанда қағып алады.

“Мұндай атақты күтпедім. Өзімді біртүрлі сезініп жүрмін. Мен қарапайым адаммын. БАҚ алдында жүрген адам емеспін. Ал, желіде, БАҚ-та мен туралы жарыса жазып жатыр”, – дейді Артем.

Артем құтқарған баланың ата-анасымен әлі сөйлеспегенін, олардың байланысқа шықпағанын айтты

“Баланың анасы емханада жатыр деп естідім. Шоктық күйге түскен. Сол себепті хабарласпаған шығар”, – дейді ол.

Артем Сарыарқа аудандық әкімдік атынан алғыс хат пен теледидар сыйға алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау