10%-дық қызмет көрсету ақысы алып тастала ма: Сауда министрлігі жаңа ережелер туралы айтты
Сауда министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Болат Танабергенов қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсету үшін алынатын 10%-дық төлемді алып тастау туралы ұсынысқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Парламентте тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы қаралуда.
Журналистер комитет төрағасынан бұған дейін қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсеткені үшін 10% төлемді алып тастау туралы ұсыныс айтылғаны, неліктен жаңа заң жобасында мұндай норма жоқ екенін сұрады.
Болат Танабергеновтың айтуынша, 10% қызмет ақысы алынатыны мәзірде көрсетілуі керек.
"Азаматтық кодекске сәйкес мәзірде қосымша қызмет көрсету ақысы туралы ақпарат анық көрсетілуі керек. Осыған байланысты ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізілді, онда 10%-дық қызмет ақысын алу тек мәзірде тиісті ақпарат көрсетілген жағдайда ғана заңды болып табылады", – деді ол.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"