1 наурызда "Qazaqstan" телеарнасында партиялар пікірсайысы өтеді
1 наурызда Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында "Qazaqstan" телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Пікірсайысқа жеті партияның өкілі қатысады. "Amanat" партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, "Respublica" партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков, "Байтақ" партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсенбинов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев 4 кезең бойынша өзара пікірсайысқа түседі.
Тікелей эфир 1 наурыз 20:30-да басталады. Пікірсайыс "Qazaqstan" телеарнасының You Tube, Facebook және Telrgram-арналары арқылы да тікелей трансляцияланады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген