Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1 млн теңге ауызбастырық ұсынған": Қызметкерін боқтап жіберген әкімнің басы дауға қалды

Қарамағындағы қызметкерлерді балағаттаған ауыл әкіміне қатер төнді. Ақмола облысында ауыл әкімі қарамағындағы қызметкерлерін балағаттап, басы бәлеге қалды. Ал сөзі өтпегендермен төбелесіп алады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

әкім

Сурет: kstnews.kz

–  Маған неге беріп жібермейсің….

– Кешіріңіз.

– Ей, … ақталма…

Естіген құлаққа түрпідей тиер сөзді Садовый ауылдың округінің басшысы қарамағындағы маманға телефон арқылы айтып тұр. Серік Әжібаевтің қылығы зығырданын қайнатқан болуы керек, маман оның боқтық сөздерін жазып алған.

Ғаламторды шарлап кеткен үнжазба мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жеткенде, қызметіне сасқан әкім өзі боқтаған маманға 1 миллион теңге «ауызбастырық» ұсынып, қолхат та беріпті. Әкімнің өзі мәселесі қаралған әдеп кеңесінде мұның бірін мойындаған жоқ. Десе де енді оның қызметінде қалуы екіталай. Кеңес Зеренді ауданы әкіміне Серік Әжібаевті жұмыстан шығаруға ұсыныс жасады.

"Бұл менің дауысым емес. Комиссиядан өз еркіммен қызметтен кетуіме мүмкіндік беруін сұраймын", - деп ақталды әкім. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Саясаткерлердің алдында сөйлеген Назарбаев аяқ астынан сөзін бөлді

Отырыс кезінде әлдененің қатты даусы шығып, қатысушылардың назары соған ауды

Ақмола облысында ер адам жүйткіп келе жатқан пойыздан секіріп түсіп, үйді тонап кеткен

Ол жолында кездескен үйге кіріп, өзін отағасының досымын деп таныстырған

Елордада трактор мен жолаушылар автобусы соқтығысты (видео)

Апат салдарынан 7 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 29 жастағы актер театр басшысы болып тағайындалды

Олжас Ыбыраев Тахауи Ахтанов атындағы драма тетрының директоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Алматы облысында сынып жетіспеген соң, мектеп директоры өз кабинетін босатып дәлізде отыр

Мектеп теп 4 сыныпқа дейін оқытатын көрінеді

Назарбаев Украина мен Ресей президентін Қазақстанда жеке кездесуге шақырды

Елбасы: Путин бұл кездесуді қаламайды деу қате

Бағдаршам туралы қызықты деректер

Әлемдегі ең алғашқы бағдаршам осыдан тура 105 жыл бұрын АҚШ-тың Кливленд қаласында орнатылған

Ондай да болады: Назарбаев отставкадан кейін президенттікке қайта оралғандар туралы айтты

Елбасы бос уақытында майлы бояумен пейзаж салғанды жақсы көреді

Алматы облысында бесінші баласын босанып, аяқ астынан қайтыс болған келіншектің өліміне ақ халаттылар кінәлі екендігі дәлелденді

Келіншектің сәбиі туыла сала анасынан жетім қалды

Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда көз жұмды

Оқиға туралы мәліметтер нақтылануда
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр