1 килограмы 40 теңге: Қазақстандық және қытайлық ғалымдар картоптың жаңа түрін ойлап тапты
Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары қытайлық әріптестерімен бірігіп, өнімділігі 5 есе жоғары жаңа картоп сұрпын сынақтан өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Зерттеу барысында жергілікті картоп тұқымы бір гектардан 30 тонна өнім берсе, жаңа сұрып – 150 тоннаға дейін өнім береді.
«Енді инвесторлармен бірігіп, жылыжай салуды көздеп отырмыз. Қала әкімінің де көп көмегі тиді: біздің оқу шаруашылығымыздың маңынан 10 гектар жер берді. Онда біз биотехнологияларға негізделген зертхана салып, картоптың жаңа сұрпын шығарамыз және оларды солтүстікқазақстандық шаруаларға сатамыз. Әзірге атын қойған жоқпыз, уақытша №6 деп атап жүрміз», – деп университет ректоры Ақылбек Күрішбаев.
Фото: inform.kz
Оның айтуынша, зерттеу барысында алынған картоп университет асханасына берілген және оқытушылар бір келісін 40 теңгеден сатып алған.
«Дәмі өте жақсы деп мақтап жатыр, қытырлақ картоп пісіруге де ыңғайлы екен», – дейді ректор.
Университет жанында қытайлық, германиялық, оңтүстіккореялық және беларусьтық бірнеше халықаралық орталықтар жұмыс істейді. 4 жыл ішінде 1,2 млрд теңгеге шетелдік инвестиция тартылған.
Тағы оқыңыз:
Министр: Хиджаб киетін қыздардың ата-аналары жеке мектеп ашуға құқылы
Қарағандыда тыйым салынған террористік ұйымға кіріп кеткен әйел соталуда
Экономика министрі үкімет басшысынан баяндамасы үшін ұрыс естіді