Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда -40 градус аяз болады

2020 жылғы 31 желтоқсан - 2021 жылғы 2 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда қатты аяз болады. Синоптиктердің мәліметінше, ауа темперетурасы 40 градус суық болады.

"Қар жауып, ауа температурасының жоғарылауына әкелген Атлантикалық циклон тек шығыс аймақтарына ғана әсер етеді. Қазақстанның қалған аймақтарында ауа-райын Таймыр аймақтарынан келетін суық антициклон анықтайды. Ол шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының солтүстік және шығыс облыстарда түнде 30-35 градусқа, кей аудандарда 40 градус аязға дейін төмендеуіне әкеледі", - дейді синоптиктер.  

Аяздың көтерілуіне байланысты еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

02 қаңтарда Алматы облысында ауа температурасы 20-25, облыстың солтүстігінде  30 градус аязға дейін күрт төмендейді.

02 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде 25-30 градус қатты аяз күтіледі.

Түнде 02-03 қаңтарда Сотүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 32-37, кей жерлерде 42 градус қатты аяз күтіледі.

Түнде 02-04 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында 32-37, кей жерлерде 43 градус қатты аяз күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%. 

"Қатты аяз техногендік өрттердің өсуіне, халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелеріндегі бұзушылықтарға байланысты авариялардың, көлік жұмысындағы бұзылулардың көбеюіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар халық арасында тоңазу, үсіп қалу және өлім жағдайларының көбеюі, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде жағдайлардың нашарлау ықтималдығы бар", - дейді төтенше жағдайлар қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр