Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жыл болмадым: Бейбіт Қорған көрінбей кетуінің себебін түсіндірді

Кезінде бірталай хитімен тыңдарман жүрегін жаулап, бүгінде көрінбей кеткен Бейбіт Қорған қайта оралды. Ол жуырда жаңа әні мен бейнебаянын тыңдармандар назарына ұсынған еді. 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында Бейбіт Қорған көрінбей кетуінің себебін түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

Бейбіт Қорған

Әнші осыдан үш жыл бұрын елордамыз Астана қаласына көшкенін айтады. Содан бері Бейбіт бар уақытын отбасына арнауға тырысқан.

“Астанаға келгенімізге үш жылдай болды. Енді көрінуге қайта талпынып жатырмыз. Алла бұйырса, тағы да тыңдармандарды қуантамыз деген ниетіміз бар.

Кризис деген барлық өнер адамдарында болады. Бір орында тұру мүмкін емес. Кейде көтеріледі, кейде түседі. Кейде күйзеліске ұшырауы мүмкін. Өз басымда бәрі дұрыс. Алланың сынағы болмаса, бәріне көнеміз ғой. Жоқшылықты да көріп өскен адамбыз.

Өнер жолында қатты күйзеліске түскен ештеңем жоқ. Керісінше өзімнің бала-шағама, отбасыма көбірек көңіл бөлдім. Астанаға көшіп келуіміз, балалардың мектебі, үйдің жөндеу жұмыстары бар дегендей… Көзді ашып-жұмғанша осынша уақыт өтіп кетіпті”, – деді ол.
Бұдан өзге, әнші өнерге жаңалығымен келуді құп көретінін атап өтті.

“Қайта-қайта жалтаңдап көріне бергенді ұната бермеймін. Бірақ шақырған жерден қалмауға тырысамын”, – деп түсіндірді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау