Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нөсер болып, үсік жүреді: Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасады

"Қазгидромет" мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ауа райы

Бірқатар аймақта жауын жауып, ауа райы бұзылады. Түнде оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста нөсер болады. Тек солтүстік пен орталықта жауын-шашын жаумайды. Сондай-ақ ел бойынша жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста дауыл, оңүстік-шығыста бұршақ жауады. Солтүстік-батыс пен оңтүстік, орталықта тұман болады. 

Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысында 1-6 градус аралығында үсік жүреді. 
Сонымен қатар үсікке байланысты Астана тұрғындарына да ескерту жасалды.

Маңғыстау, Атырау облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының орталығында, Ұлытау облысының орталығы мен шығыс бөлігінде, Қызылорда облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында өрт қауіпі сақталады. 

Талқылау