Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махмұд Сабырханның туған інісі Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі Төрехан Сабырхан Астанада өтіп  жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: IBA

Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан Астанада жастар мен 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында тамаша өнер көрсетіп жатыр. 67 келі салмақта сынға түсіп жатқан былғары қолғап шебері қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, мықты екенін мойындатты. Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылған Төрехан жартылай финалға дейін еш қиындықсыз жетті. Ол енді жартылай финалда үнді боксшысы Сумитпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жастар арасында үш рет Азия чемпионатының жеңімпазы атанған боксшы. Ол Астана төрінде төртінші рет сарықұрлықтың үздік боксшысы атануға тырысады.

Талқылау