Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайда екенін білмеймін": Мақпал Исабекова жеке өміріне қатысты шындықты айтты

Отандық эстрада жұлдызы Мақпал Исабекова отбасына қатысты шындықты жайып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иесінің жеке парақшасынан алынды

Өнер иесі Алматыдан Шымкентке қоныс аударған еді. Өнерден алыстаған әнші тыңдарман тарапынан келген бірнеше сұраққа жауап берді. 

“Менің күйеуіме қатысты сұрақтар таусылар емес. "Қайда? Көрсет", "Бар ма өзі?", "Неге салмайсың?", "Ажырастың ба?" деген сұрақтар келіп жатыр. Оны қайтесіздер? Біреудің күйеуін не істейін деп едіңіздер? "Бар ма? Жоқ па?" деген сұрақ талай рет қойылды. Бірнеше мәрте жауап та бердім. Оны бұрын көрмегендей айтасыздар. Оның қайда екенін білмеймін. Біз бірге тұрмаймыз", – деп ашуланды әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі екінші сәбиіне жүкті екенін жариялады. Болашақ баласына есім таңдап қойғанын да айтты. 

“Екінші сәбиіме есім таңдап қойдым. Ол қазақша есім емес. Иврит (ежелгі еврей) тілінен алынған. Кейбір ақпаратқа сәйкес, бұл есім исламда да, христиан дінінде де кездеседі. Библиялық (інжіл) кейіпкердің есімінен шыққан,", – деп жазды Исабекова.

Фото: Өнер иесінің жеке парақшасынан алынды

Айта кетейік, шоу-бизнес жұлдызы тұңғышына Теодор деген есім берген еді.

Бұған дейін жеке өмірі туралы кітап жазатынын айтқан еді. 

Талқылау