Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам түстегі болжамнан кейін лотереядан миллион долларға жуық қаржы ұтып алды

АҚШ тұрғыны әпкесінің түсінен кейін лотереядан 837 мың доллар ұтып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі North Carolina Education Lottery сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

лотерея

Фото: btest.ru

Солтүстік Каролина штатының тұрғыны Дэвид Этвелл үйінің жанындағы дүкеннен лотерея билетін сатып алған. Ол барлық 5 санды да тауып, джекпот жеңіп алған. 

Этвеллдің сөзінше, әпкесі түсінде оның алтын тауып алғанын айтыпты. 

"Менің жақындарым маған отбасыдағы ең жолы болғыш адамсың деп айтты", – дейді ол.

Жеңімпаз ұтысқа қатты таңғалғанын айтады. 

"Бастапқыда джекпот 100 мың долларға дейін екенін көрдім. Бірақ мұны басқа адам жеңді деп ойладым", – дейді ол.

Енді ер адам қаржының бір бөлігін шіркеуге қайырымдылыққа бермек, ал қалғанын қарыздарын өтеуге жұмсайтынын жеткізген. 

Талқылау