Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Мадридтегі турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды

Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Испанияда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында тоқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: AFP

Рыбакина Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 – Mutua Madrid Open турнирінің жартылай финалында әлемнің екінші ракеткасы, белоруссиялық Алина Соболенкомен жолықты. Отандасымыз бірінші сетте 6:1 есебімен басым түскенімен, қалған екі сетте 5:7, 6:7 ұпайымен қарсыласына есе жіберіп қойды. Қос спортшы осы уақытқа дейін 8 рет кездесіп, 5 рет белоруссиялық спортшы жеңіске жетсе, 3 рет Рыбакинаның мерейі үстем болған еді. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина соңғы жарысында Штутгарттағы беделді турнирде жеңіске жетіп, Porsche Taycan көлігін иеленген еді.

Талқылау