Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанаға бет алған пойызда ер адам жолаушыға қарап, өзін-өзі қанағаттандырған

Оқиға 4 мамыр күні Шымкент-Астана бағытындағы пойызда болған. Жолаушылардың бірі белгісіз ер адамның купе ішінде өзін-өзі қанағаттандырғанын айтып, шағымданған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Видеодан скрин

Жолаушының айтуынша, қыз ұйықтап жатқанда оған белгісіз ер адам жақындап, өзін қанағаттандыра бастаған. Шу шығармау үшін оған ақша ұсынған екен.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ аталған фактіні растады.

"2024 жылдың 4 мамырында Шымкент-Астана бағытындағы №86 жолаушылар пойызының  жолаушысы купеде белгісіз ер адамның өзін-өзі қанағаттандырғаны туралы шағым білдірген. Ол Қарағанды ​​станциясына полиция қызметкерлерін шақырған", – делінген хабарламада.

Қарағандыға жеткен полицейлер ер адамды пойыздан алып шықты. Енді онымен тәртіп сақшылары айналысады.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Алматыда ер адамның кішкентай баланың көзінше көшеде өзін-өзі қанағаттандырған видеосы тараған еді. Азаматтың баланың ағасы екені анықталған еді. 

Талқылау