Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Оспанов мансабын аяқтамас бұрын соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді

Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов мансабындағы соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөздерден алынды

Жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов "Алаш прайд" тұжырымының мерейлі 100 турнирінде өнер көрсету мүмкін. Бұл туралы тұжырымның негізін қалаушы Данияр Қасқарауов мәлімдеді.

“Мерейлі Alash Pride 100 турнирі туралы аз-кем ақылдасып, еліміздегі ең мықты спортшылардың өнер көрсету туралы шешімін қабылдадық. Жігіттердің өздері де жекпе-жекке шығуға ынта танытып тұр. Қазір бос жүрген Дамир Ысмағұлов, Қуат хамитов және Арман Оспановты шығарғымыз келеді. Қуаттың өзі де шыққысы келетінін айтып қалды. Ал Арманды көбі мансабын тоқтатты деп ойлап жүр. Дегенмен Арманның бір жекпе-жек өткізіп, спорттан кететін ойы бар. Егер оған лайық келісімшарт ұсынып, нақты келісімге келсек, оны да шаршы алаңда көріп қалуымыз әбден мүмкін” – деді Данияр мырза. 

Айта кетейік, "Алаш прайд" тұжырымы елімізде ай сайын үздіксіз турнир өткізетін тұжырымдардың қатарында. Бұл тұжырымда Қуат Хамитов, Қайрат Ахметов және Арман Оспанов сынды көптеген танымал спортшылар өздерінің кәсіби мансабын бастаған еді. 

 

 

Талқылау