Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда нөсер жауып, салдарынан су тасқыны болуы мүмкін – Әкімдік

Алматыда 5 мамырда шамамен сағат 18:00-ден бастап, 6 сәуір таңға дейін жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарата агенттігі хабарлайды. 

нөсер

Фото: pexels

Қала әкімдігінің мәліметіне, жауын-шашын кезінде су тасқыны болуы мүмкін. Сондықтан тасқынның алдын алу және жою үшін 52 жедел мобильді бригада кезекшілігі ұйымдастырылады. 

"1,9 мың қап құм дайындалды. Жауын-шашын кезінде барлығы 318 бірлік арнайы техника мен 1200 жұмысшы жұмылдырылады. Қазір 320 жұмысшы мен 92 бірлік арнайы техниканың күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа арналған жерлерді тазарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады әкімдіктен.

"Қазгидромет" болжамына сүйенсек, 5 мамырда кешке және түнде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркіреген кездегі желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы +26...+28°C.

6 мамыр күні аздап бұлт болып жаңбыр жауады. Түнде нөсер жаңбыр болады деп болжанды. Найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде + 12...+14°C, күндіз + 18...+20°C.

Талқылау