Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы адвокатының қазасына қатысты іс бойынша үкімнің күші жойылды

Апелляциялық алқа "АрселорМиттал Теміртау" адвокатының өліміне қатысты үкімді жойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

"АрселорМиттал Теміртау" (қазіргі Қармет) адвокатын өлтіруге және оның пәтерін өртеп жіберуге қатысты қылмыстық іс жаңа тергеуге жіберілді. Іс бойынша бұрынғы үкімнің күші жойылды.

Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою туралы қаулыны Қарағанды ​​облыстық сотының сот алқасы шығарды.

Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығару кезінде процессуалдық заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Сотталушылар сотқа апелляциялық шағым түсірген.



"Үкімнің сипаттау бөлігінде сотталушылардың бірінің пәтерді өртеу ниеті көрсетілмеген, яғни оның неліктен мұндай әрекетке барғаны жазылмаған. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес сотталған адамның ниеті дәлелдеуге жатады. Үкімді шығару кезінде процессуалдық заң бұзушылықтарға жол берілгенін, екі қылмыстың бір-бірімен тығыз байланысты екенін, бір қылмыс екіншісінен туындайтынын ескере отырып, сот алқасы үкімді толығымен бұзып, істі жаңадан сот талқылауына жіберді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін “АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгерінің мәйіті Шахтинск қаласындағы өртенген пәтерден табылғаны туралы жазған едік. Мәйітте пышақ іздері бар екені анықталған еді. Ирина Эм 54 жаста болған. Мәйіті Жеңіске 40 жыл көшесіндегі пәтерді сөндірген соң табылған. 

Талқылау