Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ішімдік ішкен жоғары лауазымды полицей қызметкеріне қатысты тексеріс басталды

Ақмола облысының полициясы мас күйінде рөлге отырған Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерімен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Ресми мәлімет бойынша, Ақмола облысы ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға тергеушісі жауапкершілікке тартылды. 

"Ақмола облысының полиция департаментінің қызметкері көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша полиция бөлімшесінен босатуға дейін қатаң тәртіптік шаралар қолданылады", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2024 жылдың қаңтар айында желіде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің бейнебақылау камерасына түскен видео желіде тараған болатын. Бейнежазбада, үш полицей мас болған.

Видеода форма киген полицейлердің үйге қалай жеткені және аяғынан әрең тұрып, кіреберістердің біріне кіргені көрсетілген. Екінші кадрда олар лифтпен көтерілге. Сол кезде біреуі бөтелкемен бірдеңе ішкен. Атышулы видео пайда болғаннан кейін Астана полиция департаментінің басшысы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Талқылау