Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тағы да мобилограф": Желі қолданушылары Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісін біліп қойды

Өнері мен өмірі жиі талқыланатын Айжұлдыз Адайбекова тағы да сүйіктісімен көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеді. Онда Алматыдағы демалыс орталықтарының бірінде актриса мен оның сүйіктісі құшақтасып тұрғаны көрінеді. 

“Мұның бәрі Құдайдың қалауымен болып жатыр. Адам бақыт пен жақсылыққа ұмтылуы керек. Жаның тыныш болсын! Менің миссиям – жақсы өмірге ұмтылып, бақытты болу. Біреу үшін емес, өзім үшін. Сен – Құдайдың аманатысың. Ал қалған материалдық дүние ойың реттелгенде келе береді”, – деп жазды Айжұлдыз.



Желі қолданушылары актрисаның сүйіктісі танымал блогер Сәкен Қағаров екенін жазған. Алайда блогер оны растамады. 

“Сәкен Қағаров деп мың рет жазған шығармын”, “Екеуі бірге жүр. Сәкеннің стористерінен көруге болады”, “Беташар қашан екен”, “Тұрмысқа шыққан қыздың беті екінші рет ашылмайды”, “Бақыт тілейміз”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Фото: Блогерлердің жеке парақшасынан скриншот

Еске салайық, "Оның қамқорлығы – ең керемет сыйлық" деп Айжұлдыз сүйіктісі туралы айтқанын жазған едік. 

 

Талқылау