Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол бәрін қорқақтықпен жасады": Бишімбаев соты бойынша жәбірленушінің адвокаты Байжановтың сөзін жоққа шығарды

Әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөзден кейін бір-біріне қарсылық білдіру кезеңі басталды. Жәбірленуші тараптың адвокаты Дамир Ишмаметов сотталушы Бақытжан Байжановтың сөздеріне қарсылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов жарыссөзде “қылмысты жасырып жатқанымды түсінбедім” деп түсіндірді. Сөзінше, қылмысты жасыру ниеті болса, біреуге тапсырма бермей-ақ, өзі камера жазбаларын өшірер еді.

Бұл сөзге жәбірленуші тараптың адвокаты Дамир Ишмаметов қарсылық білдірді. Сөзінше, керісінше, осы арқылы сытылып кеткісі келген.

“Керісінше, Байжанов бәрін қорқақтықпен істеді. Ол осы жағдайдан таза боп шығу үшін ғана қол астындағыларға тапсырма берді. Бишімбаевтың сөзін де қорқақ болғандықтан орындады”, – деді адвокат.

Бұған дейін Бақытжан Байжанов шындық деректорынан өтуге дайын екенін мәлімдеді.

Талқылау