Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуежайда ер адам шалбарына жыландарды салып, ұшаққа кірмек болған

АҚШ-та Майами халықаралық әуежайында ер адам шалбарына жыландарды салып алып, рейске отырмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CBS NEWS сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: CBS News

Көлік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері белгісіз ер адамды шалбарында кішкентай рептилиялар салынған шағын сөмкемен ұстады.

Жолаушы киімінің ішіне сөмке салып алған екен.

Жыландар Флориданың балық пен жабайы табиғатты қорғау комиссиясына тапсырылды.

Талқылау